22-07-21 |
640 рет қаралған
Димаш Құдайберген «Новая волна- 2021» байқауына қазылыққа кірді.
Димаш Құдайберген  «Новая волна- 2021» байқауына қазылыққа кірді

Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Сочиде өтетін «Новая волна-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына кірді.

Байқауды ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауының ашылуына арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, байқаудың үшінші күніндегі концертке, сондай-ақ байқаудың жабылу құрметіне арналған концертке қатысады.

Байқаудың финалына Ресей, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан және Нидерланды елдерінің орындаушылары өтті.

Қазақстан атынан байқауға «Mezzo» тобы қатысады.

2001-2014 жыл арасында байқау Латвияның Юрмале курортында өтті. 2015 жылдан бастап конкурс Сочиде өтеді. Байқау идеясы – композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс.

Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.