Қазақтан шыққан поп жұлдызын әлемдегі табынушылары жай ғана Димаш деп атайды. Осы аптада Димаш Құдайберген Лондон қаласында жеке концертін өткізді.
Аудио жазбасын (ағылшын тілінді) төмендегі youtube арнасынан тыңдай аласыз:
Түптұсқасын ВВС тілшісіне берген сұхбатында. Бұл сұхбатта Димаш ерте жасындағы білім алуы, мектепте, жоғары оқу орындарында оқығанын (қазір магистратурада оқып жүр) қоса есептегенде осы мамандықта жүргеніне жиырма жылдың жүзі болғанын айтты. Өнер жолында әншіге Майкл Джексон, Лучано Паваротти, Селин Дион, Лара Фабиан және Фредди Меркьюри шығармашылығы музыкалық шабыт беретінін жасырмады.
Сондай-ақ, Димаш өзінің балалық шағынан да сыр шертті: көшеде бала болып доп ойнағанын, футболдан кейін дем алып отырған уақытта достарының алдында ән шырқаған кезінде рахатқа бөленетінін, Витасты айтқанын де еске алды.
Тілші Димаштан соншалықты кең ауқымды вокалдық мүмкіндіктері бар екенін қашан білгенін сұраған кезде, қазақ жігіт оған әуелі Жаратқанның көмегі екендігін, содан кейін ұстаздары осы дауысты шыңдауға зор үлес қосқандығына шын көңілін білдірді. «Бұл бірінші кезекте үлкен өнер және ғылым деуге болады. Өйткені сіз барлық бұлшық еттеріңізді, бүкіл денеңізді іске қосуыңыз керек. Әрине, тынымсыз еңбектену де қажет»,- деп сөзін жалғады дарынды жас.
ВВС тілшісі Димаштың дүние жүзінде миллиондаған табынушылары бар, жарқын жұлдыз, әлемдік сахнаға шыққан қазақстандық танымал әнші екендігін есіне салды да, өзін қалай сезінетіндігін сұрады. Димаш болса өзінің қазақ халқының өкілі екендігін ешқашан ұмытпайтындығын, әр қадамын ақыл таразысына салып басатындығын айтты, алайда бір жағынан Майкл Джексон тәрізді өнер иелерінің туындыларын барлық ел өкілдері шыққан тегі, еліне қарамастан орындайтындығын және музыканың ұлты, шекарасы ән айту кезінде жойылып кететіндігін сабырлы қалпымен жеткізді.
Қытайда өткен “I am a singer – 2017” туралы да сұрақ қойылды. Димаш ол жарыста жалғыз шетелдік болғандығын айта отырып, бұл жоба оған көп елге соның ішінде Қазақстанға да жол ашқанын айтты. «Славянский базарға» қатысқанын да тілге тиек етті.
Тілшінің Димаштан дүние жүзінде миллиондаған фанаттары, Instagram әлеуметтік желісінде 1.6 миллион фоллуерлері болуының ауыртпалығы туралы сұрағына, жанкүйерінің көп болуы зор шабыт беретіндігін, тыңдармандары өзінің отбасы мүшесі тәрізді келіп, жылы лебіздерін білдірген кезде «өзімнің туыстарыммен кездесіп тұрғандай сезінемін» деді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024