17-06-19 |
1110 рет қаралған
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды деп хабарлайды arasha.kz ақпараттық порталы  мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі», -делінген мәжіліс баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.