02-02-21 |
550 рет қаралған
Ел азаматтарына көлік жүргізу құжатын алып жүру міндетті емес.
Ел азаматтарына көлік жүргізу құжатын алып жүру міндетті емес

Мемлекет басшысы жүргізушілерге арналған жаңа заңға қол қойды. Онда құжатты үнемі өзімен бірге алып жүру талаптарына жеңілдіктер енгізілді. Қазақстандықтар үшін жүргізуші құжаты енді электронды түрде тексеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – дейді хабарламада.

Заңға сәйкес, жүргізуші куәлігін немесе техпаспортты үйде ұмытып кеткен жағдайда айыппұл салынбайды.

Тиісінше, қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге жүргізуші куәлігі және тіркеу куәлігін алып жүрмеуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері азаматтардың жеке куәліктері бойынша электрондық деректер базасы арқылы адамның құжаттарының бар-жоғын тексереді.

Алайда бұл жеңілдік шетелдіктерге қолданылмайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.