11-03-21 |
250 рет қаралған
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды.
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы құбылмалы. Екі облыста көлік құралдарының барлық түрлеріне қатысты жол қозғалысына шектеу енгізілді.

ІІМ Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Telegram арнасы арқылы шұғыл ақпаратты таратты.

Қостанай облысында 10 наурыз сағат 22:00-ден бастап ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолды көрінбеуі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 686-729 шақырымында, Сарыкөл ауылы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.

Солтүстік Қазақстан облысында 10 наурыз сағат 22:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 729-768 шақырымында, Қостанай облысының шекарасы мен Тоқсан би ауылының арасы барлық көлік түрлері үшін жабық.

Айта кетейік, 11 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында дауыл туралы ескерту жарияланды. Кейбір аймақтарда қалың қар жауады деп күтілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.