19-10-21 |
490 рет қаралған
Елімізде карантиндік шектеулер жеңілдейді.
Елімізде карантиндік шектеулер жеңілдейді

Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантиндік шектеулер жеңілдейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жеткізді. 

Цой эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын және вакциналауға жататын халықтың 70%-тен астамының екпе алғанын хабарлады. Бұл 2021 жылдың 20 қазанынан бастап карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдауға негіз болған. 

Атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік нысандардың (қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі және тағы басқа) пациенттеріне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғаны туралы құжат немесе мерзімі 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсету керек.

Сондай-ақ тек «жасыл» статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 пайыздан аспауға тиіс:

«жасыл» аймақта 100 адамнан;
«сары» аймақта – 70 адамнан;
«қызыл» аймақта 50 адамнан көп емес.
Бұдан бөлек, ASHYQ жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылады:

«жасыл» аймақта сағат 03.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 05.00-ге дейін;
«сары» аймақта 01.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 03.00-ге дейін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.