16-07-21 |
540 рет қаралған
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордты саны тіркелді.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордты саны тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 648 науқас тіркелді. 13 өңір «қызыл» аймақта тұр.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 477 754 жетті. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында –  1549,

Алматы қаласында – 885,

Шымкент қаласында – 421,

Ақмола облысында – 175,

Ақтөбе облысында – 215,

Алматы облысында – 188,

Атырау облысында – 329,

Шығыс Қазақстан облысында – 63,

Жамбыл облысында – 77,

Батыс Қазақстан облысында – 259,

Қарағанды облысында – 746,

Қостанай облысында – 116,

Қызылорда облысында – 110,

Маңғыстау облысында – 208,

Павлодар облысында – 178,

Солтүстік Қазақстан облысында – 95,

Түркістан облысында – 34.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.