21-04-21 |
340 рет қаралған
Елімізде қаражатты игермегендер жауапқа тартылады.
Елімізде қаражатты игермегендер  жауапқа  тартылады

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегендер үшін жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеді.

«Мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру аясында қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады», – деді Әсет Ерғалиев.

Қазақстанда бюджет қаржысының игерілуіне байланысты заң жобасында түзетулер енгізу көзделген.

«Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалатын болады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұнын нақтылау көзделеді. Заң жобасын қабылдау, бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге және бюджетті атқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Әсет Ерғалиев.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.