09-02-21 |
430 рет қаралған
Қазақстанда шекарадан өтудің ережелері жаңартылды.
Қазақстанда шекарадан өтудің ережелері жаңартылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі карантин кезінде мемлекеттік шекарадан өту тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты еңбек етумен, емделумен, студенттердің жүріп-тұруымен байланысты бірқатар көрсеткіштерді және басқа да шұғыл жағдайларды қоспағанда ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуіне шектеу қойылған.

Бұдан басқа, 2020 жылғы 11 қарашадан бастап шекара маңы елдерінде ҚР азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуі тәртібіне қойылатын талаптар қосымша күшейтілген болатын.

Осылайша, мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігі: 30 тәулікте 1 реттен 90 тәулікте 1 ретке дейін өзгертілді. Бұл шектеулердің мына ерекше жағдайларға қатысы жоқ: емделуге бару, оқу, еңбек ету, отбасы мүшелерін жерлеу, отбасының ауыр науқастанған мүшелерін күту үшін бару және өзге де мақсаттар.

2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен еліміздің мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне жеңілдетуді көздейтін бірқатар өзгеріс енгізілді.

Оған сәйкес, ҚР азаматтары үшін де, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге арттырылды (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін).

Сондай-ақ ҚР азаматтары үшін де, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де ерекше жағдайлардағы (емделу, оқу, еңбек ету, отбасы мүшелерін жерлеу, отбасының ауыр науқастанған мүшелерін күту үшін бару және т.б.) жеңілдік жалғасатын болады.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен тікелей әуе қатынасы қайта басталған (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттердің азаматтарына ҚР аумағына кіруіне/транзитпен өтуіне/шығуына, ҚР азаматтарының осы мемлекеттерге ұшуына рұқсат етілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.