Олардың мәліметінше, 2018 жылы Тегеран кемінде 13 рет орта және жақын қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран сынақтарын өткізген. Бұл өткен жылғы сынақтармен салыстырғанда екі есе көп. Зымырандардың бірі 2 мың километр қашықтыққа ұша алады, яғни ол Еуропаның оңтүстік-шығысндағы елдерге дейін жете алатынын көрсетеді деп хабарланды.
Тегеран бұл сынақтар тек «қорғаныс» үшін деп мәлімдейді және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзған жоқпыз деп санайды.
Мамыр айында АҚШ Иранның ядорлық-зымыран бағдарламасын дамытуын жалғастырып отырғанын алға тартып Тегеранмен 2015 жылы жасалған көпжақты ядролық келісімнен шыққан. Қараша айына қарай Вашингтон Иранға қарсы барлық санкцияларды, соның ішінде мұнай экспортына салынған тыйымды да қайта енгізген.
АҚШ әкімшілігі Иранды Таяу Шығыстағы терроризмді қаржыландырып отыр және жаппай қырып-жою қаруын жасамақшы деп айыптаған. Еуропа Одағы бұл дауда Тегеранды қолдап, санкцияны айналып өту жолын әзірлеуге кіріскен.
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024