23-11-18 |
1330 рет қаралған
Франция Сауд Арабиясының 18 азаматына санкция салды.
Франция Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Жамал Хашоггидің қазасына байланысты осы елдің 18 азаматына санкция салды. Франция Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, санкцияға ілінгендердің елге кіруіне шектеу қойылды. Бұған дейін мұндай тыйымды Германия билігі де салған еді. Германия үкіметі Хашоггидің өліміне байланысты Сауд Арабиясына қару-жарақ жеткізуді де тоқтатқан.

Washington Post газетінің тілшісі Жамал Хашогги қазан айының басында Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығында қаза болған. Журналист соңғы жылдары Эр-Риядтың саясатын қатаң сынап жүрген. Түркия мен АҚШ журналистің өліміне Сауд Арабиясының жоғары билігі, оның ішінде тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның қатысы болуы мүмкін деп санайды.

Журналистің денесі әлі күнге дейін табылған жоқ. Сауд Арабиясының билігі Хашоггидің өліміне күдікті 21 адамның ұсталғанын хабарлағанымен, қастандыққа қатысы барын жоққа шығарған. Бұл іс бойынша күдікті 11 адамның ісі сотқа берілді. Сауд Арабиясының прокуроры олардың бесеуіне өлім жазасын сұрады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.