15-09-23 |
1710 рет қаралған
Яндексте Алматы қаласы күніне орай тақырыптық сурет пайда болды.
Яндексте Алматы қаласы күніне орай тақырыптық сурет пайда болды

Қазақстанда Яндекс іздеудің басты бетін yandex.kz-те Алматы қаласы күніне орай тақырыптық сурет пайда болды. Оны басу арқылы пайдаланушылар мерекелік іс-шаралар күнтізбесін көре алады. Арнайы жоба Алматы әкімдігімен серіктестікте құрылды.

Суретте қаламен тығыз байланысты символдар бейнеленген: шаһар айналасында өсетін Тянь-Шань шыршалары және жайма шуақ оңтүстіктің күн. Сондай-ақ, онда Іле-Алатауы тау жотасы мен қаланың көрнекті орындары — Медеу биік таулы мұз айдыны мен 1,5 мың метр биіктікте салынған Көктөбе телемұнарасын көрінеді.

Жақында Қазақстанда іздеудің білім беру сценарийлері қол жетімді болды: ақылды камера және қазақ тілінде жылдам жауаптар. 5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні қазақ тіліндегі нейрожелілік аударманың жақын арада іске қосылатыны хабарланды . Ал, кейінірек компанияда «Алисаны» қазақ тілінде 2023 жылдың соңына дейін іске қосу ниеті туралы айтылды.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.