28-02-20 |
680 рет қаралған
Коронавирус. Әлемдегі ахуал қандай?.
Коронавирус. Әлемдегі ахуал қандай?

Қытайда коронавирусқа шалдыққан науқстардың жартысына жуығы жазылды, Оңтүстік Корея мен Италияда ауырғандар саны артып келеді, коронавирус тағы бірқатар елдерде тіркеліп отыр.

Қытайда: қайтыс болғандар – 2788 адам. Бір тәулікте қайтыс болғандар – 44 кісі. Ауырып жатқандар – 39 919 адам. Бір тәулікте ауру жұқтырғандар – 327 адам. Жазылғандар – 36 117 кісі.

Оңтүстік Кореяда: Ауырып жатқандар – 2000-нан асады. Бір тәулікте короновирусқа шалдыққандар – 256 адам.

Жапонияда: ауруға шалдыққан – 900 адам. Қайтыс болғандар – 8 кісі.

Италияда: қайтыс болғандар – 17 адам. Ауырып жатқандар – 650 адам. Бір тәулікте індет жұқтырғандар – 100 адам.

Францияда: Ауырып жатқандар – 38 адам. Бір тәулікте ауру жұқтырғандар -20  адам.

Испанияда: Ауырып жатқандар – 23 адам. Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар -9  адам.

Иранда аталмыш ауруға шалдыққандар саны – 22 адам.

Бүгін Грузияда коронавирус симптомы бар бір адам тіркелді. Сонымен қатар Белорусь, Украина елдерінде де осындай жағдай тікеліп отыр. Нигерия, Египет, Алжир, АҚШ, Канада, Бразилияда осы вирусқа шалқыннан адамдар тіркеліп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.