17-11-20 |
380 рет қаралған
Мақпал Мысаның авторлық кешін неге мемлекет қаржыландырды?.
Мақпал Мысаның авторлық кешін неге мемлекет қаржыландырды?

Нұр-Сұлтанда ақын Мақпал Мысаның авторлық кешін ұйымдастыруға мемлекеттің 28 млн теңгесі жұмсалған. Бұл мәлімет «Zertteu» қоғамдық ұйымының фейсбуктегі парақшасында жарияланды. Шараны ұйымдастыруға Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы тапсырыс берсе, келісімшарт «ARDA production» ЖШС-мен жасалған. «Ақынның авторлық кеші қанша тұрады?» деген постта мемлекеттік сатып алу порталына шыққан лоттың техникалық талаптары да жазылған. Оған сәйкес шараға 500 орындық концерт залы жалданған. Авторлық кеш республикалық телеарналардың бірінде көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, ақын Мақпал Мыса ҚР Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне өткен кандидаттардың бірі. Праймериздің үшінші кезеңінде 116 дауыс жинап алға шыққанын ол фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.