Жақында бір жаңалық корпоративтік секторды дүр сілкіндірді: «Самұрық-Қазына» қорын алты жыл басқарған Өмірзақ Шөкеев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл ұлттық компаниялардың басшылығына қалай әсер ететіндігін біз әзірге тек болжай аламыз. Ал қазір Ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы қандай өзгерістермен есте қалғандығын ойымызға түсірейік.
«Ол қорға алты жыл бұрын премьер-министрдің орынбасары лауазымынан келді — осы уақыт ішінде ол өзі де өзгерді, қорды да өзгертті: алты жыл бұрынғы қор мен қазіргі қор мүлдем өзге екі компания! Алты жыл бұрынғы Шөкеев пен қазіргі Шөкеев мүлдем басқа адам! Осы жылдарда көп іс атқарылды — бұл туралы өте көп айтылды, айтыла беретіндігіне де сенімдімін», – деп Өмірзақ Шөкеевтің тағайындалуынан кейін «Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Нұрлан Рахметов өз блогында жазды.
Шындығында да, басшылық жылдарында Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік басқарушыдан халықаралық деңгейдегі қор менеджері жолын жүріп өтті. Ал «Самұрық-Қазына» ең ірі егемен қорлар — Сингапурлық Temasek пен Малайзияның Khazanah қорларын өзіне бағыт – бағдар ретінде таңдады.
Өмірзақ Шөкеевтің «Самұрық-Қазына» басшылығына келуі, қордың стратегиялық қызметінің қайта бағдарлануымен тұспа-тұс келді. Сол кезде бірінші кезекте компаниялар мен қор өздерінің бейінді емес активтерінен — екінші деңгейлі банктерінен құтылып, оларды бәсекелестік ортаға қайтарды.
Алғашқы жетістіктерін сандармен айтсақ, 2012 жылы Қорда және портфельдік компанияларда басталған үш жылдық шығындарды азайту бағдарламасы. Нәтижесінде, топтың шығындары 150 млрд. теңгеге қысқартылды, содан кейін 180 млрд. теңге үнемдеуге жеткізген сатып алудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Корпоративтік қазынашылықтың жобасы 90 млрд. теңге экономикалық тиімділік берді. Осының бәрі Шөкеев басшылығының алғашқы жылдарындағы бастамалар, ал енді алдыда — жаңа басшы жалғастыратын трансформация.
Соңғы жылдары қордың сыртқы борышы 2 есеге, ал топ құрылымындағы компаниялардың саны 600-ден 315-ке дейін қысқарды. Қордың өзі 2016 жылы елеулі өзгерістерге ұшырады: басқарма төрағаларының орынбасарлары қызметтері қысқартылды, құрылымы өзгерді, жаңа адамдар келді.
Корпоративтік басқару кодексі ЭЫДҰ қағидаттары негізінде әзірленді және енгізілді. Қордағы басты құндылық ретінде меритократия — бәріне тең мүмкіндіктер танылды.
«Әрине, әлі де болса атқарар іс көп — дәл осындай қорлардың терең өзгеруі ондаған жылдарға созылатын! Ал трансформация қордың барлық компанияларының жоғарғы басшылығының менталитеті мен мәдениеті шынайы өзгергенше жалғаса береді. Енді кері қайтудың мәні жоқ — бұл да қор қызметінің Шөкеевтік кезеңнің жетістіктерінің бірі», – деп түйіндеді өз блогында Нұрлан Рахметов.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024