05-10-18 |
1350 рет қаралған
Назарбаев Қазақстан-Ресей байланысын «үлгілі» деп атады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ресеймен қазіргі қарым-қатынасын «мемлекетаралық байланыстың үлгісі» деп атады. Астанада үкімет мүшелері мен шенеуніктер және депутаттар алдында халыққа арнаған жолдауында Назарбаев Қазақстан Ресеймен бұл байланысты жалғастыра беретінін айтты.

Президент бұған қоса Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағы «толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасып, тиімді жұмыс істеп тұрғанын» айтты. Қазақстан президенті сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Президенттің сөзінше, Қазақстан ең ірі сауда әрі инвестициялық серігі Еуропа Одағымен белсенді ынтымақтастық байланысын дамыта береді.

Назарбаев Орталық Азия аймағында өзара іс-қимылдың жаңа кезеңі ашылғанын да жеткізді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.