21-11-18 |
1800 рет қаралған
Назарбаев: Қазақстан тарихын жаңаша зерделеп, насихаттау керек.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде Қазақстан тарихын зерттеп, зерделеуге қатысты бірнеше жоба ұсынды. Бұл туралы қарашаның 21-і күні ресми баспасөзде жарияланған Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылады.

Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихын «жаңаша көзқараспен зерттеу», «нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдау» қажетін айтады.

«Қазақстан тарихы жекелеген үзінділермен емес, қазіргі заман ғылымы тұрғысынан қарағанда тұтас, түсінікті болуы тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті» делінген мақалада.

Президент тарихи сананы жаңғырту жұмыстарын бірнеше жоба бойынша атқаруды ұсынады. Назарбаев бұл бағытта жеті жылдық «Архив-2025» бағдарламасын жасау, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын, «Ұлы дала» деп аталатын ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу және Қазақстан фольклоры мен музыкасын зерттеу жобасы мен Қазақстан тарихын кино мен телевизияда насихаттау жобасын жүзеге асыру керек дейді.

Оқи отырыңыз: «Қоғамдық сананы жаңғыртуға» бөлінген миллиардтар

2017 жылы сәуірде Қазақстан президенті «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жариялаған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты бағыттан тұрады – «Туған жер», Қазақтанның киелі жерлерінің географиясы, қазіргі қазақстандық мәдениет, 100 үздік оқулықты аудару, 100 жаңа тұлға және латын әліпбиіне көшу.

Бағдарламаны іске асыруға 2022 жылға дейін бюджеттен 54 миллиард теңге (160 миллион доллардан көп) қарастырылған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.