22-02-21 |
830 рет қаралған
Петропавлда тұрғын үйде болған жарылыстан екі адам қаза болды.
Петропавлда тұрғын үйде болған жарылыстан екі адам қаза болды

Петропавлда бесқабатты жатақханада газ жарылып, екі адам қайтыс болды. Оқиғадан 13 адам зардап шекті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Интернационал көшесіндегі 21 үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылып, артынан өрт басталған.

«Сағат 15:59-да 101 телефонына Интернациональная көшесі, 21 мекенжайындағы бес қабатты үйдің 1-қабатында газ баллоны жарылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына облыс орталығындағы барлық өрт сөндіру бөлімшелері мен департаменттің жедел-құтқару жасағы жетті», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғадан 13 адам зардап шеккен, 2 кісі қайтыс болды. Бір әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел штаб құрылып, 120 адам № 2 орта мектепке эвакуацияланды.

Оқиға куәгерлері жарылыстың қатты болғаны айтуда. Көліктердің дабылы іске қосылып, жарылыс әсері көрші үйлерге сезілген.

Қазір жедел штаб жарылыс болған жатақхана тұрғындарына көмек көрсетуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.