13-01-22 |
570 рет қаралған
Қазақстаннан ҰҚШҰ әскері шығып жатыр.
Қазақстаннан  ҰҚШҰ әскері шығып жатыр

Бүгін 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгершілік күші Қазақстаннан шыға бастайды. Олар қорғауға тиісті стратегиялық нысандарды біздің әскерге тапсырылып, он күн ішінде елден шығарылу жоспарланған,деп хабарлайды “Хабар 24”.

 

Қазір елімізде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армениядан келген 2000-ға жуық әскери қызметкер бар. Олар еліміздегі тіртіпзісдік кезеңінде ұрыс қимылдарына қатыспады. Себебі ҰҚШҰ-ның негізгі міндеті стратегиялық нысандарды қорғау болатын.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің уақытша штабы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында орналастырылған болатын. Бүгін бітімгерлер әкелген техникаларымен бірге өз елдерінің тұрақты орналасу пунктеріне жіберіледі.

Еске салсақ президент Қасым Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін бітімгершілік күштерін жіберу туралы уақытылы өтініш жасаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.