26-10-18 |
1360 рет қаралған
RBK банкінің бұрынғы атқарушы директоры ұсталды.
Bank RBK-ның бұрынғы атқарушы директоры Асылбек Игильман «заңсыз ақша жымқырды» деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасы хабарлады. 

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Игильман банк директорлар кеңесінің төрағасы болған Жомарт Ертаевпен келісіп, заңсыз жолмен 850 миллион теңге несие алған деген күдікке ілінген.

«Ұрланған ақша топ-менеджерлер мен банк қызметкерлеріне бонус ретінде бөлінген. Игильман өзіне тиген 288 миллион теңгеге Алматыда үй салған. Қазір ол үйге арест қойылды» деп жазылған прокуратура хабарламасында. 

Бұған дейін банктің төрт топ-менеджері Данияр Туғанбай, Данияр Едігенев, Руслан Батурбаев және Бақыт Ибрагим ұсталған. Олар айыпты мойындап, шығынды өтеуге дайын екендіктерін айтқан. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.