07-12-18 |
760 рет қаралған
Роскомнадзор Ходорковский жобасының сайтын бұғаттады.
Ресейдің Роскомнадзор мекемесі Михаил Ходорковскийдің «МБХ медиа» ақпараттық сайтын бұғаттады. mbk.news сайтын ашпақ болған ресейлік қолданушылар «ресурсқа кіру шектелген» деген жазу шығатынын айтады.

Роскомнадзор реестрінде сайттың Ресей Бас прокуратурасының талабы бойынша бұғатталғаны айтылады. Бұған дейін прокуратураның 2018 жылдың 20 ақпанындағы талабы бойынша «МБХ медианың» басқа сайты – mbk.media да жабылған. Адвокат Сергей Бадамшин mbk.news сайты mbk.media сайтынан бөлек екенін, сондықтан сайтты бұғаттау дұрыс емесін айтады.

«МБХ медиа» ақпараттық жобасы 2017 жылдың соңында, «Открытая Россия» қозғалысының сайты бұғатталған соң жұмыс істей бастаған. Жоба Михаил Ходорковскийдің жеке ақпараттық ресурсына қарайды және оны «Открытая Россия» редакциясы жүргізеді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.