28-07-21 |
510 рет қаралған
Рыбакина: Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым.
Рыбакина: Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда испандық Гарбинье Мугурусаны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шықты. Теннисші Olympic.kz сайтына сұхбат берді. 

 

«Менің бүгінгі қарсыласым өте тәжірибелі. Сондықтан, матч қиын өтті. Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым. Алдыңғы матчтарда жоқ жерден қателесіп, керек емес жерде ұпай жоғалттым. Бүгінгі ойында сол қателіктерді жібермеуге тырыстым.
Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым. Сол себепті, бүгінгі жеңісім үшін өте қуаныштымын. Жартылай финалдағы қарсыласыммен бұрын ойнап көрмегем. Тек жаттығу кездерінде ғана жолымыз түйісіпті.
Алдағы ойын да оңай болмайды. Допты ойынға сәтті қосу арқылы ұпай жинауға тырысамын. Себебі, бұл менің қолымнан келеді», – деп қуантты Рыбакина. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.