01-11-18 |
1900 рет қаралған
ҚСДП фракция жетекшісін партиядан шығарды.
Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) парламенттегі фракция жетекшісі Иса Омуркуловты партия құрамынан шығарды. ҚСДП баспасөз қызметі мұндай шешім партия саяси кеңесінің отырысында қабылданғанын хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Омуркулов партия қатарынан «іс-әрекеттері партияның мақсат мүддесіне қайшы келгендіктен» шығарылған.

Сонымен қатар, партия фракциясының депутаттарына Иса Омуркуловтың депутаттық мандатын қайтарып алу жөнінде өтініш түсіру тапсырылған.

Саяси кеңес отырысында 2019 жылдың сәуір айында партияның 18-құрылтайын өткізу туралы шешім қабылданған. Жиында Жогорку Кеңеш депутаты Ирина Карамушкина партия төрағасының орынбасары болып сайланды.

Оқи отырыңыз: Атамбаевтың Ресейге баруы түрлі жорамалға себеп болды

Қазан айының соңында Қырғызстанның төрт облысында «Атамбаевсыз ҚСДП» деген ұранмен конференциялар өткен. Жиынды ұйымдастырушы Сагынбек Абдрахмановтың айтунша, жиынға қатысқандарды парламент фракциясының лидері Иса Омуркулов қолдаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.