24-06-22 |
620 рет қаралған
Әшімбаев: Ұлттық экономика министрлігі ұсынған іс-шаралар нәтиже бермейді.
Әшімбаев: Ұлттық экономика министрлігі ұсынған іс-шаралар нәтиже бермейді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев контрабандамен күресте қатаң шаралар қажеттігін атады. 

Мәулен Әшімбаев қыздырылатын темекі өнімдеріне акциздерді енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселеде жосықсыз кәсіпкерлердің қыздырылатын темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкелуінің алдын алу аса маңызды. Әйтпесе, Ұлттық экономика министрлігі ұсынған іс-шаралар нәтиже бермейді. Сондықтан акциздерді көтеру саясатымен қатар контрабандаға қарсы күрес бойынша қатаң шаралар да қолға алынуы керек», – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін акциздерді арттырып қана қоймай, контрабандамен де тиімді күресу қажет.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров темекіге акциз кезең-кезеңімен көтеріп, темекі өнімдеріне салық салу турасында айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.