04-03-21 |
460 рет қаралған
Шымкентте 41 жастағы келіншек он баланың анасы атанды.
Шымкентте 41 жастағы келіншек он баланың анасы атанды

Бақытты ананың есімі – Айжан. 41 жастағы келіншек 25 ақпанда босанған. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шымкенттік дәрігерлер көпбалалы анаға оныншы баласын өмірге аман-есен әкелуіне көмектесті.

«Біз Айжанның он баланы дүниеге әкелгеніне қуаныштымыз. Әрине, бұл үшін оның денсаулығы мықты болуы керек. Көп балалы отбасының балалары тәрбиеленіп, оларға қамқорлық көрсетіледі. Көп балалы аналар біз үшін нағыз батыр», – дейді перинаталдық орталық мамандары.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада 4892 бала дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында өмірге келген нәрестелердің арасында ер балалар көп.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.