05-10-18 |
1360 рет қаралған
Шымкентте базар өртенді.
Қазанның 4-і күні түнде Шымкенттегі Темірлан күре жолында орналасқан «Алаш» базарынан өрт шықты өртенді. Бұл туралы Азаттыққа Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызы хабарлады.

Зарипа Абдуллақызының айтуынша, өрт түнгі сағат 21:12-де сауда нүктелерінің бірінде басталған. Оқиға орнына 10 минутта барған төтенше жағдай қызметкерлері өртті сағат 22:16-да толық сөндірген.

«Алаш» базарындағы жеке кәсіпкердің бес бутигіндегі қысқы киімдер өртенген. Қазір өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Өртті сөндіру кезінде жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкері және жергілікті әкімдік қызметкерлері де жұмыс істеген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.