Logo
Іздеу
Айдарлар

Си Цзиньпин: «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының геосаяси мақсаты жоқ.

/
Си Цзиньпин: «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының геосаяси мақсаты жоқ.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Пекиннің Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Африкамен байланысты нығайтуға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының «ешқандай геосаяси мақсаты жоғын» мәлімдеді. Бұл туралы ол Папуа — Жаңа Гвинея астанасы Морсбиде өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитінде айтты. Оның сөзінше, бағдарлама кейбіреулер айтатындай «қарызға батыратын қақпан емес». 

Ал АҚШ вице-президенті Майк Пенс саммитте Вашингтонның Үнді-Тынық мұхиты аймағы елдерімен қарым-қатынаста әріптестік саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Ол Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық елдерін «мемлекеттік егемендігіне қауіп төнетінін» ескертіп, сырттан мойынға қарыз ілетіндей міндеттеме алмауға шақырды.

Батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашингтон мен Пекин аймақтық дамуға қатысты екі түрлі ұстанымда екенін байқатты. Азия-Тынық мұхиты елдерінің саммитінде қорытынды құжатқа қол қойылмай қалуы осымен байланысты болуы мүмкін.

Саммит аясында Майк Пенс Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонмен кездесті. Қос саясаткер де Папуа — Жаңа Гвинеяға Манус аралының шығыс жағалауындағы әскери-теңіз базасын модернизациялауда көмектесуге дайын екенін білдірді.

Azattyq.org

Серіктес жаңалықтары