Жергілікті билік бұл қымбатшылықты Павлодардағы мұнай-химия зауытының жөндеуге жабылып, жанар жағармайдың көрші Ресейден тасымалдануымен байланыстырады.
— Дизель отынының қымбаттауына біріншіден біздің Павлодар мұнай өңдеу зауытының биыл тамыз айында жөндеуге жабылғаны себеп болды. Сол себептен мысалы, біздің операторлар Шымкентегі зауыттан (мұнай өңдеу зауыты — ред.), Атыраудағы зыуыттан дизель тасымалдаса да ол қымбатқа шығатын еді. Сондықтан біздің орналасқан жерімізге байланысты Ресейден импортқа әкелінеді. Сол себепті баға өсіп отыр, — дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұрат Нұрқанов.