21-06-22 |
610 рет қаралған
Тілді саясиландыруға еш жол берілмеу керек – Ерлан Қарин.
Тілді саясиландыруға еш жол берілмеу керек – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің  Youtube арнасында  елдің бірлігі мен қоғамдық тәртіпке кесірін тигізуі мүмкін тілге қатысты сезімтал мәселелерді саясиландыруға еш жол бермеу керектігін айтты.

«Қоғам азаматтық жауапкершілікті дамытуы, жалаң ұрандарға және саяси авантюризмге ұрынбауы, радикализм мен экстремизмнің кез-келген түріне қарсы тұруы керек. Бұл қоғамдық шарт ұлттың жаңа сапасын көздейтін жаңарған, жалпыұлттық құндылықтарға негізделеді. Жаңа құндылықтардың өзегі – еңбекқорлық, еңбек адамына құрмет, кәсіби маманның абырой-беделі, қарапайымдылық, үнемшілдік және әрқашан білім-біліктілікті арттыруға ұмтылу сияқты қасиеттер болмақ. Осы құндылықтарға басымдық беру арқылы біз ұлт сапасын жаңа деңгейге көтере аламыз. Тағы бір маңызды құндылық – мемлекеттік тілді одан әрі дамыту. Бұл ретте оны барлық салаларда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұтқыр әдіске көшу қажет. Сондай-ақ елдің бірлігі мен қоғамдық тәртіпке кесірін тигізуі мүмкін тілге қатысты этносаралық қатынас және басқа да сезімтал мәселелерді саясиландыруға еш жол берілмеуі керек», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин бұл жұмыс бағыттарынан бөлек, Ұлттық құрылтайдың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, құрылтай қоғамдық талқылау арқылы ел тағдырына ықпал ететін ұзақмерзімді стратегиялық шешімдерді қабылдайтын институт болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.