29-07-19 |
870 рет қаралған
Түрмедегі азаптау видеосы. «14 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды» -Н. Ораз.

Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандардың азапталуына байланысты мекеме басшысылары жұмыстан кетті. Ал сотталғандарды жәбірлегені үшін 14 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

26 шілде күні әлеуметтік желілерде Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесіне тиесілі 155/8 мекемесінде жәбір көрген сотталушылардың видеосы тараған болатын. Осыған байланысты барлық материалдар облыстық прокуратураға жолданған.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, мәселіні егжей-тегжейлі тексеру үшін жедел түрде қылмыстық-атқару жүйесінде арнайы комиссия құрылған.

«Бұл тұрғыда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен Алматы облысына өкілдер жіберілді. 29 шілдеде тәртіптік комиссияның нәтижесі бойынша, 14 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жетеуі қызметінен босатылды. ЛА-155/8 мекемесі басшының екі орынбасары жұмыстан қуылды, сондай-ақ мекеме басшысы орнынан босады», – деді Н. Ораз.

Дереккөз:holanews    
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.