17-11-20 |
580 рет қаралған
Түркіменстан: Ақшадан қысылған халық қан тапсыруға мәжбүр.
Түркіменстан: Ақшадан қысылған халық қан тапсыруға мәжбүр

Түркіменстанның Туркменабат және Фарапа қалаларында ақша алу үшін қан тапсыратындардың қатары көбейді. Халықты бұл әрекетке экономикалық жағдайдың нашарлығы мен жұмыссыздық итермелеп отыр. Бұл туралы «Азаттық» радиосына сілтеме жасаған «Хроника Туркменистана» басылымы хабарлады. Қанның бір граммы үшін мемлекет донорға 2 манат төлесе, қалған 2 манатты оған мұқтаж жанның туыстарды төлейді. Орталыққа келіп 250 граммнан 3 рет қан тапсырған жігіт айына 1000 манаттан алып отырғанын жасырмады. Жігіттің айтуынша, қан тапсырушылардың көптігі соншалық, қабылдайтын бекеттерде кезек күткендер ұрыс-керіс шығаратын көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.