![Алматыда жарнама ілетін альпинист 12-қабаттан құлап, көз жұмды](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/12/fon-1024x578.jpg)
Алматыда жарнама ілетін 26 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды.
Azattyq Rýhy сайтының жазуынша, оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болған. «ДДК-экстрим групп» ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан.
Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
«Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025