23-09-19 |
500 рет қаралған
Нұр-Сұлтандағы митингіде ұсталған адамдардың бірқатары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұр-Сұлтандағы митингіде ұсталған адамдардың бірқатары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен митингіде ұсталғандардың бірнешеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы Ерлан Саданов.

 «21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингілер өткізуге шақырулар болды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушылық шақыруларға елітіп, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады. Осыған байланысты, ішкі істер органдары «қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу» бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады», – деді Ерлан Саденов ІІМ-де өткен брифингте.

Сонымен қатар депортамент басшысы 50-ге жуыө адам ұсталғанын айтып отыр.

«Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық тәртіп бұзушы жеткізілді. Олардың төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне қайтарылды», – деді Е. Саденов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.