08-01-24 |
4890 рет қаралған
Оралдағы жарылыс: Дәмхананы жалға алушы қамауға алынды.
Оралдағы жарылыс: Дәмхананы жалға алушы қамауға алынды

Оралда 2024 жылдың 4 қаңтарында жарылыс болып, үш адам қаза тапқан дәмхана үшін үйді жалға алған кәсіпкер екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында 8 қаңтарда М.Уалиевке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы материал қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабы («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген.

«Тергеу судьясы қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатын және оның салдарын ескере отырып, күдікті Уалиев М.-ға қатысты екі айға дейінгі мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.