07-11-24 |
1060 рет қаралған
Саңыраулар қорының басшысы алаяқтық бойынша ұсталды.
Саңыраулар қорының басшысы алаяқтық бойынша ұсталды

Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі.

Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдіктелуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.