11-02-24 |
5110 рет қаралған
Степногорск қаласының әкімдігі ЖЭО-ғы апатқа қатысты түсінік берді.
Степногорск қаласының әкімдігі ЖЭО-ғы апатқа қатысты түсінік берді

Кеше кейбір БАҚ-та Степногорск қаласының ЖЭО-да болған апат туралы хабарлады. Әкімдік аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

«Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, «KEGOC» АҚ электр беру желісінің істен шығуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді төмендетті. ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталған.

Осы факті бойынша Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тергеуді бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.