09-10-19 |
720 рет қаралған
Қытай компаниясындағы қақтығыс: Кімдер қамауға алынды?.
Қытай компаниясындағы қақтығыс: Кімдер қамауға алынды?

Алматы облысында жол салып жатқан «Citic Construction» ЖШС базасында қытай жұмысшылары мен жергілікті жұмысшы арасында төбелес болғанын бұған дейін жазғанбыз. Оқиғаға байланысты жаңа ақпараттар пайда болды. 31 телеарнаның кешкі жаңалықтарында көрсетілгендей, қытай жұмысшылары мен жергілікті жұмысшылар арасындағы төбелестен соң ертесінде қытай жұмысшылары мен жергілікті азаматтар арасында төбелес болған көрінеді. Оқиғадан кейін төрт қытай азаматы ауруханаға түсіп, екеуі дәрігерлік көмектен кейін босатылса, екеуі жарақат бөлімінде жатыр делінеді. Дәрігерлер телеарнаға берген комментарийде олардың денсаулығы қалыпты, өмірлеріне қауіп төніп тұрмағанын айтқан. Ал алғашқы жанжалға қатысқан қытай азаматтары он күнге қамауға алынса, кейінгі төбелеске қатысқан жергілікті бірнеше азаматты полиция ұстағанын «Жас Алаш» сайтына олардың туыстары айтқан. «Жас Алаш» сайты: «Қызылағаш ауылынаның тұрғындарының айтуынша, Берікбол РЫСАЛДИНОВ, Азамат ҮЙСІНБАЕВ, Бейбіт және Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН, ағайынды Сарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАР ұсталыпты» деп жазады. Әзірге облыстық ішкі істер департаменті оқиға бойынша ешқандай ақпарат таратқан жоқ. Ал әлеуметтік желіде оқиға болған жерден видео тарады. Нақтырақ айтсақ, блоггер Аида Жексен телеграм каналында төмендегі видеоны жария етті. Видеода бір топ адамның топтасып тұрғаны және полиция қызметкерлері көрінеді. Орта тұрған ер азамат белгісіз адамға оқиғаға қатысты ойын айтып жатқанын көруге болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.