17-08-24 |
6360 рет қаралған
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды.
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

2024 жылдың 17 тамызында сағат 01:00 шамасында «Меркі – Шу – Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүрген қызметтік көліктегі екі патрульдік полиция қызметкері қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.

Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Полиция мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.