18-12-19 |
730 рет қаралған
Қалетаев қайда барады?.
Қалетаев қайда барады?

фото: ktk.kz

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылған Дархан Қалетаев қайда баруы мүмкін деген сауал биліктегі және билікке жақын топтар арасында біраз әңгімеге арқау болып жатқандай. Тәуелсіздік мерекесінен соң бірден басталған ауыс-түйісте Қалетаев орнын Мәулен Әшімбаевқа босатып берді. Биліктегі лауазымды тұлғалардың көбімен өте жақсы қарым-қатынаста әрі «өз адамы» саналатын Қалетаевтың қайда баратыны біраз адамға қызық секілді.

Жаздағы президент сайлауының сценарийін Ерлан Қарин мен Дархан Қалетаев жазып, жүзеге асырған дейтін де бейресми әңгіме бар. Оның үстіне сайлаудан кейінгі қоғамның қайнаған қақпағын ашып, буын шығару үшін ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруда да Қалетаев мырза басты роль ойнағаны мәлім. Демек елдің ішкі саясатындағы дүниенің бәрі Қалетаевтың қолынан өткен.

Кезінде тізім бойынша сенатор болып тағайындалып, кейін жаңадан құрылған қоғамдық даму министрлігін басқарған Дархан Қалетаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып барады-мыс деген бейресми ақпарат тарады. Бұл болжамның жаны бар көрінетіні рас, біріншіден, Ахметов ақсақал жасына жетіп, зейнетке шығар шаққа келді. Тасмағамбетовтің соңынан ол да зейнетке шықса, онда шығыстың тумасы Дархан Қалетаевтың облысты басқаруға баруы заңды секілді. Алайда Ресейдегі елшінің орны бос тұрғанын да ұмытпаған жөн. Бірақ елші мәселесін көп жыл сыртқы істер министрі болған президент Тоқаев өзі шешері анық. Біз де елші болып өзге елге аттану «саяси жер аударылу», «әлдебір қателігі үшін жазалау» сипатында жүретіні де жасырын емес. Бұлай болған жағдайда Қалетаев қай жерден қателесуі мүмкін? Әлде жаздағы сайлаудан тағы ши шықты ма? Әлде ішкі саясатта жасаған жоспары нәтиже бермей, жоғары жақ өкпелі ме екен? Қалай болғанда да Қалетаев жерде қалмайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.