02-08-22 |
500 рет қаралған
АҚШ «Әл-Каида» басшысы Айман Завахиридің көзін жойды.
АҚШ «Әл-Каида» басшысы Айман Завахиридің көзін жойды

АҚШ президенті Джо Байден арнайы операция барысында Ауғанстанда «Әл-Каида» басшысы Айман Завахиридің көзін жойғандарын мәлімдеді.

«Әділдік орнады, террористердің көшбасышысы енді жоқ. Біз ешқашан алған бетімізден қайтпаймыз»,-деді Байден телеүндеуінде.

Оның айтуынша, америкалық арнайы жасақ биыл Завахиридің қайда тұрып жатқанын анықтаған.

Ақ үй өкілдерінің мәліметінше, өткен жексенбіде Ауғанстан астанасында Завахири тұрып жатқан үйге соққы жасалған.

Соңғы бірнеше айда завахири Кабулдағы осы үйде тұрып жатқан. Арнайы жасақ оның балконға шыққан сәтін аңдып, соққы жасаған.

«Әл-Каида» басшысының көзін жою үшін дроннан екі Hellfire зымыраны атылған. Соққы жасау кезінде Завахиридің туыстары да, үйде болған адамдар мен айналадағы бейбіт жандардың еш қайсысы зардап шекпеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.