25-03-20 |
340 рет қаралған
Ғалымдар Тоқаевты коронавирусқа қарсы вакцина жасау барысымен таныстырды.
Ғалымдар Тоқаевты коронавирусқа қарсы вакцина жасау барысымен таныстырды

фото: akorda.kz

Президент ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін және COVID-19 вирусының әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмыстарын бастап кеткен.

Тоқаев биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап: «Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті», – деген Тоқаев. 

Бұған дейін отандық ғылыми ұйымдар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына, нодулярлы дерматитке және бруцеллезге қарсы вакциналар әзірлеген болатын. Жалпы вакцинаның 28 түрі жасалып және диагностикалық тест жүйесінің технологиялары әзірленді. Мұның кейбірі шетелдерге шығарылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.