Кеше, 6 ақпанда, Ресейдің Тергеу комитеті Красногорскідегі теракт бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.
Алайда соттың жақын арада басталуы екіталай.
«Тергеу аяқталды, тараптар материалдармен танысуға кірісті. Заң бойынша алдымен зардап шеккендер танысады, ал олардың саны – шамамен мың адам. Сондықтан істің сотқа тез өтуі екіталай», – деп түсіндірді айыпталушылардың бірінің адвокаты Олег Власов.
Зардап шеккендер тергеу материалдарын оқудан бас тарта алады. Егер бас тартушылар көп болса, іс прокуратураға әлдеқайда жылдам өтеді.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 22 наурызда «Крокус Сити Холл» концерт залында Ресейдегі соңғы 20 жылдағы ең ірі теракт болды.
Бұл қанды шабуыл үшін жауапкершілікті «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы мойнына алды.
Қайғылы оқиға салдарынан кемінде 182 адам қаза тапты. Іс бойынша 20 шақты адам күдікті ретінде қарастырылуда, олардың төртеуі – теракттің тікелей орындаушылары.