Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешендерін жеткізетінін мәлімдеді

/
Трамп Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешендерін жеткізетінін мәлімдеді
Фото: U.S. Army/ABACAPRESS/picture alliance

АҚШ президенті Дональд Трамп 13 шілдеде Украинаға Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері берілетінін айтты. Ол нақты қанша кешен жеткізілетінін нақтыламады, бірақ жүйелердің Еуропалық одақ арқылы берілетінін атап өтті. 

Трамптың сөзінше, АҚШ бұл кешендерді ЕО елдеріне сатады, ал олар өз кезегінде Украинаға жеткізеді. 
«Бұл – біз үшін бизнес. Украинаға Patriot қажет, және біз оларды жібереміз», – деді Трамп.

Бұған дейін Трамп НАТО-ға қару сатылатынын, ал НАТО ол қаруды Украинаға беретінін мәлімдеген. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да Еуропадағы одақтастардың қолында Украинаға қажет америкалық қару барын айтып, оны тез жеткізу үшін пайдалануға болатынын жеткізді.