23-09-20 |
350 рет қаралған
Лукашенко: Белоруссияда түрлі түсті революцияның жолы болмады.
Лукашенко: Белоруссияда түрлі түсті революцияның жолы болмады

Александр Лукашенко 9 тамыздағы президент сайлауынан соң 23 қыркүйекте ұлықтау рәсімін өткізіп, Белоруссия президенті қызметіне кірісті. Конституцияға қолын қойып ант берген ол: «Белоруссияда түрлі-түсті революцияның жолы болмады» деп мәлімдеді.

Лукашенконың ұлықтау рәсіміне жүздеген адам қатысып жатыр. Әзірге Батыс елдері мен оппозицияның үйлестіру кеңесі мәлімдеме жасамады.

Президент  сайлауына дейін Лукашенко президент сайлауына түскен кандидаттарды ұстап, қамауға алған. Кейін  оппозицияның ортақ кандидаты Светлана Тихановскаяны күшпен елден кетіріп, оппозицияның үйлестіру кеңесі мүшелерін де ұстап, қамауға алды және елден күшпен кетірді.

9 тамыздан бері Белоруссияда президент сайлауының нәтижесіне қарсы және Лукашенконың биліктен кетуін талап еткен қарсылық акциялары өтіп келеді. Қарсылық акцияларына шығушыларды күш құрылымдары әлі де ұстауды жалғастырып келеді.

Еуроодақ елдері Лукашенко мен оның айналасындаңыларға санкция салуды қарастырып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.