19-03-25 |
850 рет қаралған
Мәжіліс депутаттары Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады.
Мәжіліс депутаттары Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысының қортындысында арнайы қарар қабылданды.

Қарардың толық нұсқасы:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

ҚАРАРЫ

Қазақстан үш жыл бұрын жаңғыру мен әділетті қоғам құру жолын таңдады. Президент көпшіліктің өзгерістерге деген сұранысын іске асыра отырып, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасына бастамашылық етті.

Бүгін біз сол трансформацияны қорытындылап отырмыз: мемлекет күштірек, халық белсендірек бола түсті. Қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси мәдениет түбірімен өзгерді.

Президенттің байыпты бағдары арқасында реформалар мызғымас сипатқа ие болып, әділеттілік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттары ел дамуының жаңа моделін қалыптастырды.

Жаңа саяси философия

Президент елді басқарудың қоғаммен келісімге бағытталған жаңа моделін негіздеп берді:

  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет – өз шешімдерін айтып қана қоймай, қоғамның сұраныстарына негіздеп, халыққа құлақ асатын билік.
  • Әділеттілік – заң барлығына бірдей және мүмкіндіктер баршаға қолжетімді болатын жағдай.
  •  Күшті институттар – «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша билік тармақтары арасындағы оңтайлы теңгерім.

Құқық үстемдігі – тұрақты даму кепілі

Конституция – біздің ортақ келісіміміз және оның принциптері мызғымайды:

  • Халықпен бірге шешім қабылдау – мемлекет үшін стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға әрбір азамат қатыса алады.
  • Саяси бәсекелестік – көппартиялы болуының және аралас сайлау жүйесінің арқасында Парламент халық үніне айналады.
  • Конституциялық Сот – азаматтардың құқықтарын қорғаудың және институттардың тұрақтылығының кепілі.

Күшті институттар – тұрақты реформалар негізі

Елдің дамуы – тең диалог, өзара жауапкершілік және шешімдерді бірлесіп іздеу негізінде мемлекет пен қоғамның ортақ миссиясы.

  • Президент реформалар мен жаңғыртудың кепілі бола отырып, ел дамуының стратегиялық бағытын белгілейді.
  • Үкімет қоғамның қажеттіліктеріне назар аудара отырып, экономикалық, әлеуметтік реформаларды әзірлейді және жүзеге асырады.
  • Парламент заңдарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар мүдделер теңгерімін қамтамасыз ете отырып, бастамаларды қоғамдық талқылау алаңы ретінде қызмет етеді.

● Азаматтық қоғам биліктің барлық тармағымен өзара іс-әрекет ету және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы шешімдер қабылдау процесінің белсенді қатысушысына айналады.

Азаматтық өзара іс-әрекет  принциптері

  • Ашықтық – өз халқы үшін ашық мемлекет.
  • Есеп беру – мемлекеттік саясатты іске асыру үшін халық алдында жауап беретін билік.
  • Шоғырландыру – барлық негізгі шешімдер ортақ пікір негізінде және қоғамдық мүдделердің кең ауқымын ескере отырып қабылданатын ел.

Әділетті болашақ жолындағы бірлік

Қазақстан – адал еңбек табысқа жетелейтін, заң тұлғалар мен мәртебеден жоғары тұратын, ал болашағы халықпен бірге құрылатын ел.

Мәжіліс Президенттің бағытына қолдау білдіріп, басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру үшін барлық азаматтарды бірігуге шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.