11-09-20 |
530 рет қаралған
Назарбаев Мәминді ертіп, Көлгіновтың жоспарымен танысты.
Назарбаев Мәминді ертіп, Көлгіновтың жоспарымен танысты

Кеше экс-президент, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев премьер министр Асқар Мәминді ертіп, «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтына» барып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарымен танысты.

Н.Назарбаевтың қасында премьер министр Асқар Мәминді жүрді. Өз сөзінде экс-президент Астана қаласының осы жылдар ішінде қалай дамығанын, өскенін айтып: «Жалпы, мен стратегиялық міндеттерді шешуді қамтитын даму жоспарын қабылдаймын. Елорда өмір сүруге және іскерлік белсенділікке қолайлы қала ретінде дами беруі керек», депті.

Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның тұңғыш президентіне Түркістан қаласында салынып жатқан Қазақ хандығының тарихына арналған мемориал жобасымен таныстырған.

фото: elbasy.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.