07-04-22 |
780 рет қаралған
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болды.
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болды

Президент Тоқаевтың жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары, 1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын инженер-механик және 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.

1991-1996 жылдары Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозда механик, бас инженер;

1996-2006 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі;

2006-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас иснпекторы, бөлім басшысы;

2011-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

2015-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.