28-05-23 |
570 рет қаралған
Өтпелі кезеңде тұрмыз.
Өтпелі кезеңде тұрмыз

Еліміздің саяси жүйесі өзгерді, сайлау жүйесі өзгерді. Маслихаттардың, Мәжілістің және Сенаттың сайлауы өзгерді. Президенттің кейбір өкілеттіктері таратылып берілді. Мұның барлығы ға құптауға тұрарлық бастамалар. Десе де менің ойымша, супер президенттің басқарудан президенттік басқаруға көшу тұрғысында әлі толықтай процесс аяқталмаған секілді. Рас, кейбір лауазымды тұлғаларды Президент Сенаттың немесе Мәжілістің келісімімен тағайындайды. Десе де мұндағы лауазымды тұлғаларды жасақтау жөніндегі Президентке басымдық беретін жүйе бұрынғысынша сақталып қалды. Қалай болғанда да Президенттік Республика ұғымы: «Үкіметтің партиялық принцип бойынша емес, кәсіби принцип бойынша жасақталатынын» білдіреді. Мұнда саяси лояльды немесе қандай да бір партияға жататын тұлғалар тағайындалмауы керек. Ал нағыз іскерлік қабілеті жоғары адамдар болуы тиіс. Біздің саяси жүйе, қалай болғанда да – француздық жүйеге негізделген. Ол дегеніміз аралас жүйені білдіреді. Біз қандай да бір дәрежеде Мәжіліске Үкіметті жасақтауға мүмкіндік беріп отырмыз. Осы реттен алғанда, мен референдумда мәлім етілген бастамаларға қарамастан біздің саяси жүйе түбегейлі өзгере алды деп ойламаймын. Бәлкім біз әлі өтпелі кезеңде болармыз.

 Өзгерістердің тағы бірі – партияларды құрудағы өзгерітер. Бізде бұрын партия құру үшін әуелі 40 мың, одан кейін 20 мың қол жинау керек болатын. Ал қазір бұл меже 5 мыңға төмендетілді. Одан соң құрылтайшылар съезін өткізіп, барлық өңірлерде филиалдар құру қажет болатын. Бұрын облыстарда 600 адам болу керек болса, қазір 200 адам болуы керек. Бір жағынан алғанда либерализация жасалуда. Бірақ, біз іс жүзінде небары 2 жаңа партияның ғана тіркелгенін көріп отырмыз. Басқа партиялар тіркелген жоқ. Өйткені, Әділет министрлігі кемшіліктер тауып отыр. Осы тұста азаматтардың қоғамдық ұйымдар құру туралы құқы неге Әділет министрлігінің шешіміне байланысты болуы керек деген сұрақ турады. Менің ойымша біз бұл тұрғыда партияларды тіркеуде есепке қою және хабарлау жүйесіне көшуіміз керек. Ал министрліктің міндеті тек заңдылықты қадағалауда, яки партия мақсаты экстремистік, радикалдық бағыт болмауын, ұйым құрамында Қазақстан азаматы емес тұлғалардың болмауы тұрғысында болуы керек. Рұқсат беру дегеніміз дұрыс емес. Елімізде көп партия болып кетеді деп қорқудың қажеті жоқ. Өйткені, партиялар билік үшін таласады, олар неғұрлым көп болса, Мәжіліс пен мәслихатта олардың өкілдері көп болмақ. Яки, халықтың өкілдері көбейе түспек.

Осы ретте мен аралас сайлау жүйесінің енгізілгенін қуана құптадым. Бір мандатты окрутар арқылы билік жүйесінде тәуелсіз депутаттардың көп болғаны, заңның сапасына, олардың жұмыс істеуіне әсер ететін болады. Бірақ, орын саны шектеулі болғаны тұрғысынан сәл ойлану қажет. Мәселен, екі миллионнан астам тұрғыны бар Алматы қаласы үшін үш-ақ орын бөлінгені, Астана мен Шымкенттен екі орын ғана қарастырылғаны дұрыс емес. Мұндағы цифраны депутаттар санының жартысына дейін жеткізу қажет. Десе де қазірдің өзіндегі жаңа адамдардың билікке келгені Парламентті ширатып тастады. Мұның бәрін біз оның жұмысынан көріп отырмыз. Өткір проблемалар қозғалып, төтие сұрақтардың қойылуы – бүгінгі Парламенттің, соның ішінде Мәжілістің шын бейнесіне айналып келеді. Мәселен, екі фракция Үкіметтің есебіне қарсы дауыс берді. Бұл өзгерістердің басы екенін білдіреді. Болашаққа деген үмітті оятады.

Осы тұста сайлау комиссияларының тек мұғалімдерден және мемлекеттік қызметкерлерден тұратын бас тартуымыз қажет. Ол жерге қоғамның белсенді өкілдерін, басқа да мамандық иелерін жіберу керек. Сонда ашықтық арта түседі. Барлық партияның мүшелері бұл процеске қатысуы тиіс. Ал заңбұзушылықтар болса, ол қараусыз қалмауы керек.

Еліміздіегі соңғы өзгерістердің ендігі бір артықшылығы – елімізде билік тармақтарын ажырату принципі мен сот төрелігі жүйесінің тәуелсіздігі принципі жария етіліп отыр. Сот жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасы жайындалуда. Көптеген ұсыныстар берілуде. Судьяларды сайлау туралы да ұсыныстар бар. Осы тұста басты назарды соттардың тәуелсіздігіне салуымыз керек. Оларға жоғары еңбекақы беріп, әлеуметтік жеңілдіктер жасағанымызбен олар тәуелсіз болып кетпейді. Олар бірінші кезекте атқарушы биліктен, қадағалаушы органдардан тәуелсіз болуы керек. Қазіргі тергеу соттары институтының прокурорларға қалай тәуелді екенін көріп отырмыз ғой. Ал кезінде осы институтты прокурордың санкциясының орынына енгізер кезде – заңсыз тұтқынға алудан және басқа да заңсыздықтардан азаматтардың құқын қорғау үшін дедік. Іс жүзінде мүлдем басқаша боп шықты. Сол себепті де мен мұның барлығын бастамалардың басы деп санаймын. Десе де бізге ескі Конституциядан мүлдем бас тартып, Конституциялық комиссия құрып, жаңа Конституцияның жобасын жасап шыуды ұсынамын.

Лейла Жанұзақова,

 «Тұран» Университетінің Құқық ҒЗИ директорының орынбасары,

ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының

бас ғылыми қызметкері,

заң ғылымдарының докторы, профессор

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.