14-12-20 |
270 рет қаралған
Путин Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Путин Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ресей президенті В.Путин Қазақстанды мемлекеттік Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент Тоқаевтың атына жолданған құттықтау хатта: «Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады. Біз күш біріктіре отырып, барлық екіжақты байланыстарды, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты  одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін. Мұның бауырлас халықтарымыздың мүдделеріне жауап беретіні сөзсіз. Сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолымен келе жатқанымызды білдіреді. Өзіңізге зор денсаулық пен табыс, ал барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін» делінген.

Cондай-ақ Тәуелсіздік күнімен АҚШ президенті Д.Трамп та құттықтау хат жолдаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.