28-02-24 |
5860 рет қаралған
Қауіпсіздік Кеңесінде сөз болған дүниелердің барлығы әлбетте  медиаға ашық айтылмайды – сарапшы.
Қауіпсіздік Кеңесінде сөз болған дүниелердің барлығы әлбетте  медиаға ашық айтылмайды – сарапшы

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Әлбетте  жиында сөз болған дүниелердің барлығы медиаға ашық айтылмайды. Бұл туралы әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы айтты.

Оның айтуынша, жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылған. Бұл құжат 2021-2025 жылдарға арналған.

«Бірақ осы құжат қабылданған 2021 жыл мен қазіргі 2024 жыл бөлек. Бірнеше жыл ішінде геосаяси жағдай қатты шиеленісті. Содан шығар Ақорда таратқан мәтінде «Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті»,-делініпті. Одан бөлек «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты»,-делінген. Тапсырма берілген шығар деп болжаймын. Соның ішінде ақпараттық қауіпсіздікке  ерекше назар аударған болар деп үміттенемін. Әскери, экономикалық қауіпсіздікті шама келгенше  сақтауға болады. Бірақ ақпараттық кеңістік өте қиын», – дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол стандартты пропагандадан бөлек «Когнитвиті  соғыс» деген бболатынын айтты. Әдетте тапсырыс берушінің өзіне ыңайлы  көзқарас қалыптастыруға  жол ашатын әдіс деседі. NATO ACT (Allied Command Transformation) деген құрылым бар. НАТО-да. Стратегиялық  жоспар, болжамдар жасайды, түрлі есеп-қисап жүргізеді. Бірқатары ғылыми дүниелер. Сол құрылымның зерттеулерінде біраз дүние айтылған.

«Сол мекеме  ақпараттық соғысты, когнитивті соғысты, әлеуметтік инженерияны, пропаганданы, киберпсихологияны жеке-жеке қарастырады. Әрқайсысы өзіндік әдіс-айласы бар бағыттар болса керек. Кейде ақпараттық шабуылдың да  нақты амалдары көзге түсіп қалады.  Мәселен, Украинада Зеленский мен Залужныйды ит пен мысықтай етіп көрсету үшін ресейліктер 2023 жылдың көктемінде түрлі  платформаларда 1300 пост пен 37 мың  пікір жазғызыпты. Еуропа тұрғындарының соғысқа деген көзқарасын өзгерту мақсатында 30 мыңдай фейк аккаунт ашылған екен. Тіпті Еуропаның белді медиаларында Ресей ұстанымына ыңғайлы пікір айтқызу үшін бірқатар сарапшыға ақы да төлепті. Мұндай  «қызмет» құны 39 мың доллардан басталған деседі. Мұндай амалдарды батыстықтар да жасайды. Украиналықтар да мұндай тәсілдерді қолданады. Біздің теріскейдегі көршіміз  мұндай амалдарды бізге қарсы да пайдаланатыны бар. Әлгі Тинаның кейсі соның бір көрінісі ғана. Сол себепті «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңда айтылған ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де кешегі жиында ескерілген шығар деп ойлаймын. Заңда «ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі» деген анықтама берілген», – дейді сарапшы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.